Жаңалықтар
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің акт залында Алаштану ғылыми-зерттеу орталығы дайындаған Е.Сыдықов «Алаш қаласының тарихы», «Восточное отделения Правительства Алашорды. Құжаттар жинағы», А Еспенбетов «Шәкәрім және Сұлтанмахмұт», Т.Шаңбай «Ұғым мәдениеті» кітаптарының тұсау кесері болып өтті. Тұсау кесерге ғалымдар, тарихшылар, оқытушылар, студенттер қауымы қатысты.
ШҚО ҚЗТҚО- ның директоры Г.Т. Қасымова Алашорда үкіметінің тарихы туралы баяндама оқыды. Айтып кететін бір жайт бұл кітап Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының құжаттары негізінде жазылды. Тұсау кесерге жиналған қауымға кітаптардың авторлары сөз сөйлеп, құнды еңбектерін баяндап берді. Ал келген қонақтар арасынан Семей қаласының бас имамы Тыныштық қажы Яхия ұлы, Абай атындағы қорық-мұражайдың директоры Әубәкір Жандос т.б тарихшылар өз лебіздерін білдіріп жатты. Осындай құнды еңбектердің қатары көбейе берсін деген игі тілектер айтылып жатты.
|